$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Орал тұрғыны жұмысқа кіремін деп 9 миллион теңгесінен айырылды

09.01.2026ж. 19:00
Орал тұрғыны жұмысқа кіремін деп 9 миллион теңгесінен айырылды

Жұмыс іздеген Орал қаласының тұрғыны 9 млн теңгесінен айырылып қалды. Аңғал жігітті ірі компанияға жақсы қызметке орналастырамын деген танысы алдап соғыпты. Сұраған ақшасын санап берген ол алданғанын кейін білген. Тәртіп сақшыларының дерегінше, күдікті уәдені дәл осылай үйіп-төгіп, жиырма шақты адамды тақырға отырғызған. Бірақ ақшаны қалтаға басқасын, ізім-ғайым жоғалыпты. Бүгінде күдікті ұсталып, өз кінәсін мойындады.

АЛИМА ГАРИФУЛЛИНА, БҚО ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда. Тергеу барысында оның әрекеттерінен зардап шеккен тағы басқа азаматтар анықталуда. Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, полицияға дереу жүгінулерін сұраймыз.