$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда диқандар сәбіз өнімін сата алмай отыр

09.01.2026ж. 19:00
Павлодарда диқандар сәбіз өнімін сата алмай отыр

Павлодарда диқандар сәбіз өнімін сата алмай отыр. Бұған тауарды экспортқа шығаруға шектеу қойылуы қол байлау болған. Қазіргі күні өңірдегі көкөніс қоймаларында 64 мың тонна сәбіз бар. Алайда, оны дер кезінде кәдеге жаратпаса,  шіріп кетуі мүмкін. Диқандар ала жаздайғы есіл еңбек зая кете ме? - деп қорқады. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар біліп келді.

Диқан Зейнолла Сәлменбаев 200 гектар жерге дән сеуіп, мол өнім алған. Алайда, оны сата алмай отыр. Себебі, сәбізді  экспортқа шығаруға тыйым салынбақ.

ЗЕЙНОЛЛА СӘЛМЕНБАЕВ, ДИҚАН:

Біз сәбізді 70-80 теңгеден беріп жатырмыз. Ал магазине барсаң, сәбіз 170-180 теңге тұрады. Бұлар ортадағы біздің сатып алушы мен жанағы өндірушінің ортасындағы делдалдар тұр ғой. Олармен күресе алмайды да, бізбен күрескенді жақсы көреді. Жауып тастайды болды. Ауылдың жағдайына қарамайды.

Бұл шектеулер диқандарды банкротқа ұшыратуы мүмкін. Өйткені,  сәбіз секілді өнімді уақытылы сатпаса, қоймада жатып шіріп кетуі мүмкін.

ӘДІЛ ИСИН, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Біздің өңірдің қоймасындағы 64 мың тонна сәбіздің 32 мың тоннасы  жабдықталмаған орындарда сақталған. Бұл өте қауіпті. Ақппанның соңы мен наурыз айының басында шіріп кетуі мүмкін. Өйткені, шаруашылықтардың жартысында арнайы қоймалар, салқындатқыш құрылғылары жоқ. 

Диқандар түйінді түйткілді өңірге іс сапармен келген Мәжіліс депутаттарының алдында да көтерді.

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Тез арада шешетін мәселе. Бізге мәлімет бойынша дүйсенбі күні Үкіметке өзара кеңес болады. Олар осы мәселені қарайды экспортты тоқтату. Сондықтан да фермерлер кезедсулер барлық жерде осы мәселені айтып отыр. Сондықтан біз Үкіметке жеткізуміз керек. Айтуымыз керек.

Сәбіз экспортына қатысты шешім алдағы аптада қабылданады - деп күтіліп отыр. Өткен жылы Павлодар облысы 165 мың тонна өнім алған болатын.