$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда «Әйел және ғылым: шексіз мүмкіндіктер» пилоттық жобасы

09.01.2026ж. 19:00
Павлодарда «Әйел және ғылым: шексіз мүмкіндіктер» пилоттық жобасы

Павлодарда «Әйел және ғылым: шексіз мүмкіндіктер» пилоттық жобасы қорытындыланды. Шараға Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Вера Ким қатысты. Жиында партияның облыстық филиалы жанынан құрылған Өңірлік әйелдер қанатының бір жылда атқарған жұмысы жария етілді. Ашық алаң форматында өткен шарада ғылым саласындағы әйелдерді қолдау керектігі жайында мәселе көтерілді. Өйткені, қазіргі заманғы әйел бір қолымен бесік ғана тербетіп қоймай, ғылымға, білімге де ден қойған. Олардың бастамаларына қолдау танытып, ғылымдағы ізденісін  жетілдіруге көңіл бөлінуі керек. Түйінді түйткілді талқылаған ханымдар бірлесе жұмыс атқаруға уағдаласты.

ВЕРА КИМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бүгінгі күні ғылымға деген бетбұрыс барлық салада болуы керек. Мәселен, денсаулық саласы бойынша әйелдерге міндетті скрингтерден өтуі керек. Бұл өте маңызды мәселе. Өйткені, әйелдердің көбі үй, жұмыс деп өз денсаулықтарына көңіл бөлмей жатады.  Бұл жағынан алып қарағанда пилоттық жобаның әйелдерге берер көмегі өте көп деп санаймын.

САЛТАНАТ ӘУБӘКІРОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ӨҢІРЛІК ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Терең ойдың бәрі ғылымнан туады. Біз осыны білуіміз керек деп есептеп, сондықтан жұмысшы мамандықтарда әйелдердің барын көрсеткіміз келді. Негізгі бұл іс шара республика деңгейінде өзінің бір шарықтау шегіне жетсе, үлкен бір жетістік болады деп есептеймін.