Қазақстандық «Барыс» командасы бүгін, яғни 8 қаңтарда Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Ресейде «Салават Юлаев» (Уфа) командасына қарсы өткізді.
Кейінгі жеті кездесуде небәрі бір мәрте жеңіске жеткен елордалық клуб турнир кестесіндегі жағдайын біршама қиындатып алды. Сондықтан олар плей-офф кезеңіне шығу үшін ендігі кезекте ширақ қимылдай білуі тиіс.
«Салават Юлаев» (Уфа) - «Барыс» (Астана) 3:1 (1:0, 0:1, 2:0)
1:0 - Сучков (Кузнецов Е., Жаровский) - 01:00
1:1 - Қайыржан (Әсетов, Бреус) - 26:43
2:1 - Кузнецов Е. (Ремпал, Жаровский) - 45:14
3:1 - Кузнецов М. (Горшков, Ефремов) - 53:37
Қақпашылар: Вязовой - Шил
Ойын барысында алғашқы минуттан қос команда гол соғу мүмкіндігін іздеді. Соған қарамастан бірінші кезеңде қарсыластар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.
Екінші кезеңде ресейлік клуб қатарынан екі шайба соғып кетсе, үшінші кезеңде командалар бір-бір голдан соқты.
Осылайша елордалық клуб қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді. Бұл - олардың қатарынан үшінші жеңілісі.