$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жылу бағасы өзгерді

Жылу бағасы өзгерді
Фото: Freepik

Өскемен қаласында жылу бағасы қымбаттады.

Бағаның өзгеруіне тарифтердің өсуі емес, қосылған құн салығының 12-ден 16 пайызға дейін көтерілуі себеп болып отыр.

«Шығыс Жылу» АҚ мәліметіне сүйенсек, есептеу құралдары орнатылған үйлердің тұрғындары әр гигакалорий үшін 4 224,48 теңге төлейді. 

– Ал есептеу құралдары жоқ үйлердің иелері бір гигакалорий үшін 5 935,62 теңге төлейді. Есептегіштерді орнату мүмкін емес үйлерде жылу бағасы ҚҚС-ны қоса алғанда, бір гигакалорий үшін 4 946,34 теңгені құрайды. Бюджеттік ұйымдар үшін төлем есептеу құралдары орнатылған болса 33 704,45 теңге/Гкал, орнатылмаған болса 51 580,33 теңге/Гкал құрап отыр, - делінген ақпаратта.