2025 жылдың басынан бері Алматыда 6,8 мыңнан астам жас азамат психологиялық көмек пен кеңес алды.
Қолдау қалалық бағдарламалар аясында көрсетіліп, жастар арасындағы мазасыздық пен күйзелісті азайтуға, эмоционалдық тұрақтылықты арттыруға және өмірлік әрі кәсіби қиындықтарға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Бағдарлама студенттерге, жұмыс істейтін жастарға, NEET санатындағы және әлеуметтік осал топтағы жастарға арналған. Қалалық комьюнити орталықтарда, білім беру ұйымдарында және арнайы кеңес беру алаңдарында жеке және топтық консультациялар, күйзелісті басқару тренингтері, эмоционалдық интеллектті дамытуға арналған воркшоптар өткізіледі.
Сонымен қатар жұмыспен қамту бағытындағы қолдау да күшейтілді. Жыл басынан бері 10,8 мыңнан астам жас жұмысқа орналасу, кәсіби бағдар алу, түйіндеме дайындау және сұхбатқа дайындалу бойынша кеңес алған.