$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қостанай облысында 28 адам жылыту пунктіне эвакуацияланды

Қостанай облысында 28 адам жылыту пунктіне эвакуацияланды

Қостанай облысының Лисаковск қаласынан 11 шақырым жерде құтқарушылар республикалық маңызы бар «Қостанай — Қарабұтақ» автожолында қиын жағдайға тап болған рейстік автобустың жолаушыларына көмек көрсетті.

 «Шымкент — РФ» бағытымен келе жатқан автобус техникалық ақауға байланысты қозғалысын жалғастыра алмады. Салонда 28 адам, оның ішінде екі бала болған.

 ТЖМ күштері мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің көмегімен барлық жолаушылар жедел эвакуацияланып, жылыту пунктіне орналастырылды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласу қажет.