$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодар облысында есірткі қылмысының алдын алу бойынша профилактика жұмыстары жалғасуда

Павлодар облысында есірткі қылмысының алдын алу бойынша профилактика жұмыстары жалғасуда

Павлодар облысы полиция департаменті қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту, азаматтардың құқықтық санасын арттыру және есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу бағытындағы жұмысты жалғастыруда.

Полиция қызметкерлері 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, қызметтік-іздестіру иттерін тарта отырып, қала аумағындағы саяжай алқаптарында жедел-профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – есірткі зертханаларын анықтау және жолын кесу, есірткі құралдарын заңсыз дайындау фактілерін, сондай-ақ тұрмыстық жағдайда өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру деректерін анықтау. Әсіресе, қараусыз қалған құрылыстар мен нысандарға ерекше назар аударылды, себебі мұндай объектілер құқыққа қарсы мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері саяжай алқаптарындағы барлық қараусыз қалған ғимараттар мен күдікті нысандарды тексеріп, сондай-ақ "Сосновый бор" саяжай массивінің тұрғындарымен түсіндіру-профилактикалық әңгімелер жүргізді. Азаматтарға есірткі құралдарының заңсыз айналымы үшін көзделген жауапкершілік шаралары және құқыққа қарсы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына хабарлау тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар өңір тұрғындарына қырағылық пен белсенді азаматтық ұстанымның маңыздылығы ескертілді, өйткені күдікті тұлғалар немесе нысандар туралы полицияға уақытылы хабарлау ауыр қылмыстардың алдын алуға және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

– Есірткі құқық бұзушылықтарын анықтау және жолын кесу, сондай-ақ қоғамда есірткінің заңсыз айналымына деген теріс көзқарасты қалыптастыру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі, – деп атап өтті полиция қызметкерлері.