Бүгін Германияда пара биатлоннан әлем кубогында қазақстандық Ербол Хамитов LW12 классында 7.5 км спринтерлік дистанциядағы бәсекеде 22:09.1 уақыт нәтижесін көрсетіп, қола медаль жеңіп алды. Жарыста Қытайқұрамасының өкілдері Лиу Менгтао 21:09.6 нәтижесіменжеңімпаз атанса, Мао Джангву 21:22.9 көрсеткішімен күмісжүлдені иеленді.
Осы дистанцияда өнер көрсеткен Сергей Усольцев 11-шіорынға, ал Юрий Березин 13-ші орынға тұрақтады.
Осы қашықтықта LW6 класында қазақстандық спортшыАлександр Герлиц жарысты 5-орында аяқтады.
«Бүгінгі жарыс Милан–Кортина 2026 қысқы Паралимпиада ойындарына іріктеу жарысы болып табылады. Алда Қазақстанұлттық құрамасын бірнеше іріктеу кезеңі күтіп тұр. Атапайтқанда, пара шаңғы жарысынан Әлем кубогы кезеңі 14–18 қаңтар аралығында Финстерау қаласында (Германия) өтеді. Сонымен қатар пара биатлон және пара шаңғы жарыстарынанӘлем кубогы кезеңі 22 қаңтар мен 1 ақпан аралығындаЯкушыце қаласында (Польша) ұйымдастырылады. Алдағыжарыстардағы команданың негізгі мақсаты — жоғары нәтижекөрсетіп, қысқы Паралимпиада ойындарына лицензия алу үшінрейтингтік көрсеткіштерді жақсарту», — деді Қазақстан ұлттыққұрамасының пара шаңғы жарысы және пара биатлон бойыншабас жаттықтырушысы Василий Коломиец.
Айта кетсек, пара биатлоннан әлем кубогы 8-11 аралығында Германияның Нотшрай қысқы спорттық орталығында өтуде. Жарысқа 17 мемлекеттен 70-ке жуық спортшы қатысты.