Финалда Бублик италиялық теннисші, әлемнің 7-ракеткасы Лоренцо Музеттимен кездесіп, екі сетте жеңіске жетті — 7:6, 6:3.
Осылайша, Александр турнир титулын иеленіп қана қоймай, тарихи жетістікке қол жеткізді: жаңартылған ATP рейтингінде ол үздік ондыққа (топ-10) енеді.
Бұған дейін қазақстандық теннисшілердің ешқайсысы ерлер арасындағы жекелей сында мұндай нәтижеге жетпеген.