Екібастұзда әйел адам көршісін пышақтап өлтірді. Онымен қоймай тағы бір әйелді жарақаттаған. Қаскөйдің бұл әрекеті тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Пәтерден қансырап қашқан әйелді қуып жетіп, тағы да бірнеше рет пышақтаған. Абырой болғанда, ол аман қалды. Қазір ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастың беті бері қарағанын айтады. Алдын ала болжам бойынша қылмыскер мас күйде болған. Қайтыс болған ер адам 31 жаста.
БОЛАТ НҰРСЕЙІТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Күдікті ізін суытпай ұсталынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.