$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкент қаласында пышақ жарақатынан 21 жастағы қыз көз жұмды

Шымкент қаласында пышақ жарақатынан 21 жастағы қыз көз жұмды

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап кетті. Бойжеткен сол жерде көз жұмған. Әлеуметтік желіде тараған видеода қашып жүрген қызды ер адамның қуалап жүріп ұрғаны  көрінеді.  Полиция күдіктіге іздеу жариялады. Оның жеке басы анықталған. Полицияның дерегінше, жәбірленушімен бұрын таныс болған. Қызға бірнеше рет пышақпен жарақат салған, сосын көлікпен қашып кеткен. 

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:

Аталған жайт бойынша полициямен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оны ұстауға және қылмыстық жауапкершілікке тартуға бағытталған барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде.