Атырауда мүрдесі өз үйінде табылған ерлі-зайыптылардың туыстары тергеу туралы ақпарат біле алмай полиция ғимаратын жағалап жүр. Айтуларынша, құқық қорғаушылар іздеу жұмыстары туралы заңды өкілінен жасырып отыр. Бүгін қайғыдан қан жұтқан отбасының бір тобы қылмыстық істің жай-жапсарын білу үшін облыстық полиция департаменіне келді. Ал күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған.
Қалың қазақтың қабырғасын қайыстырған қазалы отбасының отағасы Мақсот Қарабалиннің туған қарындасы тергеу туралы сұрағымыз тым көп дейді. Іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, тума-туыс бақсы-балгер жағалап кеткен. Айтуынша, аға-жеңгесін сарайдан табуға сондай жорамалдардың бірі көмектескен. Қағаз жатқан жерді іздеп сарайға кірген кезде көршісі диванның орнынан қозғалғанынын байқаған.
ӘДЕМІ ШЫЛМАҒАНБЕТОВА, МАРҚҰМНЫҢ ҚАРЫНДАСЫ:
Диван басқа жерде тұрды, мына диван мына жерге әкеліп қойыпты деп ана көрші бала Топырақ көрген. Ол кезде полиция да іздеп жатқан. Бұларды шығарып, сол жерден, Кенжеғалиев Қанат деген інім сүйекті өзі көтеріп, ағасын өзі алып шығыпты. Қазып тастаған жерден. Жеңгемді қайта түсе алмадым, иісім шыдатпады деді. Аштырды ма, екі адам бір жерде, содан көп алыс емес бір адам бөлек жатыр деп айтты дейді. Терезенің алды, қасында лас жерде жатыр, темір ме жакып атстаған депті. Ол жерді қарамаған сияқты. Сүйекті шығарғаннан кейін бәрін жауып тастады. Ешкім кірмейді, кіруге болмайды деп.
Полиция департаментіндегілердің айтуынша, ерлі-зайыптыларды пышақтап өлтірген. Шаншып тығу арқылы болған дене жарақаттары тіркелген. Әзірге сараптама қорытындысы болық даын болған жоқ. Күдіктіге халықаралық іздеу жариялапты.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Екі адамға халықаралық іздеу жарияланды. Біреуіне сары бюллетен, яғни із-түссіз жоғалу дерегімен осы отбасының қызына, және оның күйеуіне күдікті ретінде танылып, күдікті ретінде халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі тағда оларды жедел ұстау, полиция бөліміне жеткізілу шаралар жүргізіледі. Халықаралық іздестіру шараларының бағыттарын айуға болмайды, себебі күдіктілерге қандай да бір ақпарарт жететін болса, олардың ізін суыту, ұстай алмай қалу, тергеу барысына кедергілер келтіру мүмкін.
Естеріңізге салайық, Қызылқоға ауданының Жанкелдин ауылының бір отбасы құмға сіңгендей жұмбақ жағдайда жоқ болып кеткен еді. Күдікті смол отбасының күйеу баласы. 33, 36 жастағы ұлы мен қызы әлі табылған жоқ.