$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Талдықорғандық тұрғын мас күйінде көлік жүргізіп, әйелін жүк салғышқа қамап қойды деген күдікке ілінді

12.01.2026ж. 19:00
Талдықорғандық тұрғын мас күйінде көлік жүргізіп, әйелін жүк салғышқа қамап қойды деген күдікке ілінді

Талдықорғандық тұрғын мас күйінде көлік жүргізіп, әйелін жүк салғышқа қамап қойды деген күдікке ілікті. Куәгерлер құтқару желісіне хабарласқан бойда полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына жеткен. Бейнебақылау камераларынан ер адамның жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды. Яғни, ішімдік тұтынып, рөлге отырған. Алайда, әйел адамды жүк салғышқа салу немесе ұрлау фактілері расталмады. Жүргізушіге әкімшілік қамау және көлік басқару құқығынан 7 жылға дейін айыру жазасы көзделген.

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Күйеуім екеуміз түнде үйге қайтып келе жатқанбыз. Жолда ұрысып қалдық. Сосын мен көліктен шығып кеттім. Күйеуім машинаға қайта отырғызайын дегенде мен қарсыластым. Бірақ ол маған қол көтерген жоқ. Жүк салғышқа  қамады деген жалған ақпарат.