$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысында бір үйдің үш адамы көмір қышқыл газынан уланып, қаза тапты

Түркістан облысында бір үйдің үш адамы көмір қышқыл газынан уланып, қаза тапты

Түркістан облысында бір үйдің үш адамы көмірқышқыл газына уланып, қаза тапты. Олар -38  жастағы анасы, 5 және 7 жастағы қос ұлы. Ал иіс тиген 14-тегі тағы бір бала аман. Жеткіншек шұғыл ауруханаға жеткізілген. Белгілі болғанындай, жалғызбасты келіншек отбасымен 2022 жылдан бері Шұбарсу ауылында пәтер жалдап тұрады. Оқиға болған күні отбасынан таңғы уақытта ешкім сыртқа шықпағанан кейін күдіктенген көршілері есікті бұзып ашқан көрінеді.  Қазір  жасөспірімнің жағдайы жақсы, қанағаттанарлық , -дейді дәрігерлер. Бүгін ол ауруханадан  шығарылған.