$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде сырғанақта бала зардап шекті

AstanaTV
12.01.2026ж. 19:00
Ақтөбеде сырғанақта бала зардап шекті

Ақтөбеде сырғанақта бала зардап шекті. Ол анасымен, әжесімен сырғанап, төменге түскенде  жоғарыдан жылдамдықпен келе жатқан басқа біреу келіп, соққан. Баланың бұғанасы сынған.Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы бұл фактіні растап отыр. 8 жастағы жеткіншекке травматолог алғашқы көмек көрсетіп,амбулаториялық емге жіберген. Ал тәртіп сақшылары балаларға  арналған демалыс аймақтарында қауіпсіздік талаптары сақталмаса, мұндай жағдай қайталануы мүмкін екенін еске салды.

МИРБОЛАТ МАСАБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПБ АЛМАТЫ АУДАНЫ №3 ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Ақтөбе қаласындағы демалыс базаларының бірінің аумағында дене жарақатын  алу дерегі бойынша полиция басқармасы қр қк-нің 306-бабы, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату жұмыстарын орындау не қызмет көрсету бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.тергеп-тексеру барысында оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып, жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.