$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауа райы - 38 градусқа дейін төмендейді

Ауа райы - 38 градусқа дейін төмендейді

Алдағы күндері аяз күшейіп, ауа температурасы 38 градусқа дейін төмендейді. Жел күшейеді. Әсіресе, елдің солтүстігіндегі кейбір аудандарда жел екпіні секундына 28 метрге дейін жетеді. Бүгін елордада екінші ауысымдағы бастауыш сынып оқушыларына сабақ онлайнға ауыстырылды. Ал әуежайдан 6 ұшақ уақытында ұша алмады. 2 халықаралық, 4 ішкі рейстің уақыты кейінге шегерілді.  

ЛАУРА ӘЗІЛҚИЯСОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК ЖЕТЕКШІ ИНЖЕНЕРІ: 

14 қаңтарда солтүстік, 15 қаңтарда шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы 30–38 градус аязға дейін төмендейді.