$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Республикалық автожолдарда 900 көлік жалған нөмермен жүрген

AstanaTV
12.01.2026ж. 19:00
Республикалық автожолдарда 900 көлік жалған нөмермен жүрген

Республикалық трассаларда мемлекеттік тіркеу нөмірлерін әртүрлі айла-тәсілдер арқылы жасырған 900-ден астам көлікті анықталды. Бұл айналасы 3-4 күнде тіркелген дерек. Нөмерін жасырып, ақылы жолға ақша төлемеудің айласына көшкендерге қандай шара көрілді? Үсен Астана айтып береді.

Ақылды камерадан айласын асырып, жолдың ақысын төлемеудің түрлі жолын тапқан жүргізушілер көбейген. Тәртіп сақшылары мұндай қулықтың соңы ауыр жауапкершілікке соқтыратынын ескертеді.

НҰРСҰЛТАН РАЙЫМБАЕВ, БАС КӨЛІК ПРОКУРОРЫНЫҢ АҒА КӨМЕКШІСІ:

Басқа бұрыңғы шешілген номерлерді пайдаланатын фактілер анықталды, және де олар арнайы құрылғылар орнатады сол кезде номерлер түсіп қалады и қайтадан өзі көтеріп алады және де тряпкамен бытавой заттармен басып қоятын бар что бы номерлері көрінбес үшін, либо вообще нөмірлерін шешіп тастайтын жағдайлар да бар.

Прокурормен тілдесу барысында жағдай кенет өзгерді. Орталықтан екі бірдей ауыр жүк көлігінің нөмірін тұмшалап, салмақ өлшеу камераларынан «сытылып» өткені туралы ақпарат түсті. Белгілі болғандай, жүргізушілер өзара мессенджер арқылы байланысып, «Жібек жолы» бекетіндегі қатаң тексерістен хабардар болған. Сол себепті бақылау нүктесін айналып өтіп, құтылып кетпек болады. Алайда, заңды алдауға тырысқандардың бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Ізіне түскен тәртіп сақшылары жүргізушілерді көп ұзатпай қолға түсіріп, тиісті хаттама толтырды.

АЙДЫН ОРАЗБАЕВ, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ БАСТЫҒЫ:

Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде қарастырылғандай айыппұл салынады, немесе жалған нөмірмен басқарғаны үшін әкімшілік қамау қарастырылған және бір жылға дейін жүргізуші куәлігін айыру қарастырылған.

Жолдағы мұндай қулықтардың соңы жақсылыққа апармайды. Өткен жылдың өзінде еліміз бойынша жалған нөмір таққан 40 мыңнан астам дерек тіркелді. Енді прокуратура мен құзырлы органдар бақылауды барынша қатаңдатпақ.