$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы қаласындағы Зерделі ықшам ауданында тұрғындар судың сапасына шағымданды

Алматы қаласындағы Зерделі ықшам ауданында тұрғындар судың сапасына шағымданды

Алматы қаласындағы Зерделі ықшам ауданының тұрғындары суды тасып ішіп отыр. Себебі краннан аққан су қолдануға жарамсыз. Тамыз айында қолданысқа берілуі тиіс жол құрылысы да әлі бітпеген. Жауаптыларға хабар жеткенімен, әлі шара қолданылмапты.

Зерделі ықшам ауданында 17 мыңға жуық тұрғын бар. Судың сапасы бұқараның басты мәселесіне айналған.  Тұрғындар тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр. Себебі, краннан аққан су ішпек түгілі, тіршілікке жарамсыз. 

ЛӘЗЗАТ КЕРІМҚҰЛОВА, «ЗЕРДЕЛІ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Су не ішуге жарамайды, не шомылуға жарамайды. Судың түсі деген мутный. Отоплениеге жіберілген кезде ол жерде отоплениенің бәрін бітеп тастады. Енді кей үйлерді бізде отопление жоқ. Екінші мәселе біщде қоғамдық көлік. Мына Мөңке би бізде августтың соңында бітеді деген еді. Мөңке бидің бас жағына анау көрсеңіз мөңке бидің бас жағына машинаны тастайсың да үш автобус, үш остоновка жаяу баланы көтеріп мына 148-ші садикке келеміз. Баланы көтеріп.

Ықшам ауданданының жыры бұнымен бітпейді. Былтыр жаз айында аяқталуы тиіс жол құрылысы да жарты жолда қалды.

СӘУЛЕ БЕКМҰРАТОВА, «ЗЕРДЕЛІ» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мына көрдіңіз өңкей инвалид адамдар, кәрі адамдар, жаңағы жас балалар, оқушылар барлықтары анау Ақан-Сара жолына өту өте қиын жағдай. Бізде ол жерде бірнеше адамды қағып кеткен жағдай болды.

Әкімдіктегілер, ауызсудың сапасыз болуын жақын маңайлардан салынып жатқан тұрғын үй кешендерімен байланыстырды. Жаңа су құбырлары қолданысқа енген соң, уақытша келеңсіздік болғанын мойындады. Бірақ, шара қолданылмады деген халықтың сөзін жоққа шығарды. Тіршілік нәрінің мәселесі толықтай шешілді, ал тас жол осы айдың аяғында қолданысқа беріледі деп сеніммен айтты.

ӘДІЛ ТӨЛЕГЕНҰЛЫ, АЛАТАУ АУДАНЫ ӘКІМ АППАРАТЫ, КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Нақты қай күн аяқталатынын мен айта алмаймын. Себебі тапсырыс беруші Энергетика басқармасы. Олардаң информациясы бойынша ақпаратына сәйкес жұмыстардың бітіруі осы көше бойынша айдың аяғына дейін бітіреміз деп отыр.

ЖОМАРТ ТҮЗЕЛБАЙ, ТІЛШІ:

Зерделі жұртшылығына осыған дейін де талай уәде берілген. Сондықтан әкімдіктің құрылыс ай соңына дейін бітеді деген сөзіне күмәнмен қарайды. Егер осы жолы да нәтиже болмаса, тұрғындар министрлікке дейін шағымданамыз деп отыр.