$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мәжіліс депутаттары өңірдегі даулы мәселелерге араша түсі

Мәжіліс депутаттары өңірдегі даулы мәселелерге араша түсі

Атырауда тариф құнына қатысты дауға Мәжіліс депутаттары араласты. Олар электр энергиясы мен жылу тарифына байланысты тұрғындардың базынасын тыңдады. Ал, Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов болса, Қызылордада қолға алынған такси қызметін қолдауға шақырды. Жер-жерді аралап жүрген халық қалаулылары еріктілерді де назардан тыс қалдырмады. Павлодарда өткен жиында қоғамдық ұйымдар атқарған жұмыстарымен танысытырып, жоспарымен  бөлісті. Бұдан бөлек, депутаттар Ақмола облысындағы ерекше балаларды қолдау орталығына да барды.

Аймақты жылумен қамтитын монополист мекеме биыл тауарлы газды өзге компаниямен алуға уағдаласқан. Салдарынан жылу тарифі 75, электр қуаты 41 пайызға көтерілуі мүмкін. Осыған алаңдаған жұрт биліктен араша түсуді сұрап отыр. Айта кетейік, әзірге тариф бағасы көтерілмеген. Өзгеріс сәуір айының соңына жоспарланған көрінеді,

ДҮЙСЕНБАЙ ТҰРҒАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Энергетика министрлігі ТШО-ға хатын жолдап, бірақ әзірге нақты жауап алынған жоқ. Соны күтіп отырмыз. Бірақ 30-шы сәуірге дейін келісімшарт бар. Бұл келісімшартта бағасы да, тұтынатын көлемі де былтырғы деңгейін де бәрі сақталып отыр. Екі ортада «Қазақгаз» деген мекеме бар. Соны қосып отыр. АЖЭО сол мекемемен келісімшартқа отырып, соның бағасымен газ сатып алу деген ұсыныстары бар. Ол әзірге ұсыныс. Нақты шешім әлі жоқ. Екі ортада делдал болмау керек деп ойлаймын.

Ал жұмыс сапарымен Қызылорда өңіріне барған Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов жергілікті такси қызметі, яғни «APARU» жүйесін қолдауға шақырды. Себебі, елде шетелдік көлік қызметтеріне байланысты бәсеке жоқтың қасы. Жұрттың қаржысы шетелге кетеді. Есесіне ешқайдай әлеуметтік төлемдер мен сақтандырулар аударылмайды. Бұдан бөлек, депутаттар Президент саябағына барып, қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары мен экологиялық эксперименттер жасау мақсатында ашылатын ботаникалық бақтың техникалық нысан құрылыстарымен танысты.

МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

14 млрд бөлініп үлкен парк жасалынып жатыр. 4 бөлек площадкалар, әртүрлі деңгейдегі балаларға. Велодарожкалар, скейд тебетіндер, әртүрлі сахналар, анфитеатрлар жасалған. 300 орындық лагерь салынады. Оған 10 млрд теңге бөлінді. Қысы-жазы бүкіл облыстың балалары олимпиядаға дайындалады, демалады. +Бастысы барлығы халық үшін, барлығы бір жерде.

Павлодарда Мәжіліс депуаттатары  өңірдегі еріктілермен кездесті. Аймақта 50-ден астам қоғамдық бірлестік ресми түрде жұмыс істейді. Онда 10 мыңға жуық ерікті бар. Олардың жұмыс істеу бағыты да әр түрлі. Бірақ, мақсат – біреу. Қоғам – игілігіне қызмет ету. Шара барысында қоғамдық ұйымдар жоспарларымен бөлісіп, жұмыс кезінде жолығатын мәселелерге қатысты сауалдарын жолдады. Алдағы уақытта бұл түйткілдер назарға алынып, тиісті органдарға жолданатын болады.

ЖАРҚЫНБЕК АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мемлекет басшысының ұсынымен биылғы 2026 жыл халықаралық Еріктілер жылы болып аталып өтілуде. Еріктілердің қоғамда атқаратын орны өте орасан. Еріктілік деген бұл бір қаржын көздейтін, мүддені қуалайтын азаматтар емес, бұл елдің шын жанашылары.

Ал Ақмола облысында Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Наталья Дементьева мен Юлия Кучинская ерекше балаларды қолдау орталығына барды. Халық қалаулылары ондағы техникалық базамен танысты. Депутат Наталья Дементьева ерекше балаларды қолдау ел саясатының басым бағыттарының бірі екенін айтты.

НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Сондай-ақ орталықтың басшылығы мен мамандарымен түзету жұмысының өзекті мәселелері, әлеуметтік бейімдеу және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау жүйесін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, орталық тәулік бойы жұмыс істейді. Онда балаларға кешенді түзету-дамыту және әлеуметтік көмек көрсетеді.