Қазақстан цифрлық экономикаға бет бұрып, дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің цифрлық державаға айналуы жаһандық бәсекеде ұтылмаудың басты шарты екенін атап өтті. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жасанды интеллектіні енгізу және IT-стартаптарды қолдау жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде IT-қызметтер экспорты бір миллиард долларға жуықтады. Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 300 миллиард доллардан асып, бұл көрсеткіш алғаш рет мұнай емес сектордың өсімімен қамтамасыз етілді.
ДІНМҰХАММЕД ҒАЛИ, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУЛЕР ИНСТИТУТЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
2025 жылғы жыл қорытындысының ең жоғарғы жыл қорытындысы, жалпы ішкі өніміміз 300 миллиард доллардан асты. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 2,5 есеге артқан. Бұл үлкен меже. Биылғы жылдың жалпы ішкі өнімінің құрылымын қарайтын болсақ бірінші рет осы біз мұнай емес сектордың арқасында өсім болып жатқанын көріп отырмыз.