Қазақстанның IT-қызметтер экспорты 1 миллиард АҚШ долларына жетті. Бұл елдегі цифрлық экономиканың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар, Қазақстан жасанды интеллектті ұлттық басымдық ретінде дамытуды қолға алды. Алдағы бес жылда 1 миллион азаматты ЖИ құралдарымен жұмыс істеуге оқыту жоспарланған. 2030 жылға дейін елордада Орталық Азиядағы алғашқы халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылып, ғылыми зерттеулер мен кадр даярлаудың негізгі алаңына айналмақ.
НҰРЛАН НҰРМАШ, QAZCLOUD КОМПАНИЯСЫ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖОБАСЫНЫҢ МАМАНЫ:
ЖИ өміріміздің әрбір бөлігіне енуі мүмкін. Тіпті жұмыста қолданатын инструменттерімізге де әсер етеді. Qazcloud компаниясы осы 2025 жылдан бастап AI-HUB платформасы қарқынды дамытып келеді. ЖИ агенттері компания ішіндегі процесстер бойынша сұрақтарға жауап береді. Мысал келтіретін болса, жұмысшыда медициналық сақтауға байланысты сұрақтар болса немесе HR ішкі поцесстері жайлы сұрақ болса біздің жасаған ЖИ агентеріміз көмектеседі.