$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы 20 қаңтарда Қызылордада өтеді

AstanaTV
12.01.2026ж. 19:00
Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы 20 қаңтарда Қызылордада өтеді

Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы 20-шы қаңтарда Қызылордада өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесінде мәлімдеді. Алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, Президент конституциялық реформаға қатысты түсіп жатқан ұсыныстармен танысты. Ерлан Қарин Мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы Парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты. 15 қаңтарға жоспарланған келесі отырыста жаңа Парламенттің басты мемлекеттік институттардың қызметін қамтамасыз ету өкілеттіктері талқыланады. Ал Ержан Жиенбаев Жұмыс тобы мүшелері мен жұртшылықтан келіп түскен жаңа ұсыныстармен таныстырды. Президент барлық пікір мен бастаманы ескеру қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ конституциялық реформа бойынша түпкілікті шешімді ел азаматтары жалпыұлттық референдумда қабылдайтынын мәлімдеді.