$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген азаматқа қылмыстық іс қозғалды

13.01.2026ж. 13:32
Алматыда бір бөлмелі пәтеріне 109 адамды тіркеген азаматқа қылмыстық іс қозғалды
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының прокуратурасы сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастыру фактісін анықтады.

Ол адамдар ол пәтерде тұрмаған. «Резеңке» пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.