$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Елімізде тұрғын үйді жалға алу құны өсті

13.01.2026ж. 16:11
Елімізде тұрғын үйді жалға алу құны өсті
Фото: pixabay.com

Елімізде жалдамалы тұрғын үй бағасы қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, соңғы бір жылда пәтер жалдау құны шамамен 13% өскен.

Қазір республика бойынша 1 шаршы метрдің орташа бағасы 5 мың теңгеден асады. Ең жоғары баға Астана мен Алматыда тіркелген.

Өңірлерде де өсім байқалады:

Павлодарда – 42,9%

Петропавлда – 41%

Ақтөбеде – 30,4%

Өскеменде – 23,1%

Көкшетауда – 8,5%

Қонаев қаласында – 3,3%

Бағаның өсуі тұрғындар үшін басты әлеуметтік мәселелердің біріне айналып отыр.