$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда жол апатынан 2 адам мерт болды

13.01.2026ж. 19:00
Павлодарда жол апатынан 2 адам мерт болды

Павлодарда жол апатынан 2 адам мерт болды. Оқиға «Павлодар-Қызылорда» тас жолының 110-шы шақырымында болған. Қатты боран салдарынан қашықтық пен жылдамдық режимін сақтамаған «тoyota сamry» көлігі алдында келе жатқан жүк машинасына соғылған. Салдарынан көлік ішіндегі 4 адамның екеуі сол жерде жан тапсырды. Аман қалған екі жолаушы ауруханаға жеткізілді.  Полиция тұрғындарға боранды күндері жолға шықпауды және жылдамдықты режимін сақтауды сұрайды.

ДАРХАН СЛАМБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ПАТРУЛДІК РОТА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Полиция қызметі Құлакөл ауылы маңында болған жол көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.