$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте 21 жастағы қызды өлтірген күдікті ұсталды

Шымкентте 21 жастағы қызды пышақтап өлтірген күдікті ұсталды. Қала тұрғыны қазір уақытша ұстау изоляторына қамалған. Еске салайық, бойжеткен пышақ жарақатынан 11-қаңтар күні қаза тапқан еді. Марқұмды өзінің танысы қуалап жүріп, бірнеше рет пышақтаған. Іздеу жұмыстарына қалалық Полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтілді.

ЕРНАР АЛТАЕВ, АБАЙ АУДАНЫ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды. Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған. Қылмыстың себептері мен мән-жайы тергеу барысында анықталады. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізілуде.