Павлодарда 49 жастағы әйел күйеуін пышақтап тастады. Абырой болғанда, жолдасы аман қалды. Оқиға қаладағы пәтерлердің бірінде болған. Жұбайлар ішімдік ішіп алып, үйге жөндеу жұмыстарын жасаған. Алайда, әйелінің әрекеті күйеуінің көңілінен шықпапты. Ол қарсылығын жұдырықпен білдірген. Бұған ашуланған әйел күйеуіне пышақ ала жүгірген. Жолдасы көп қан жоғалыптып, ауруханадан бірақ шықты. Аталған істі қараған Павлодар қаласының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі соты әйелді 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сотта күйеуі оны кешіргенін айтып, бас бостандығынан айырмауды өтінген. Алайда, сот оған жасаған қылмысы үшін жауапгершілік арқалайтынын жеткізді.
МАРЖАН ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:
Жаза тағайындау кезінде сот жеңілдететін мән-жайларды кінәсін толық мойындауын, шын жүректен өкінетіндігін, оның асырауында кәмелетке толмаған баланың болуын ескерді. Ауырлататын мән-жай қылмысты мас күйде жасауы. Сот жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, К-ны кінәлі деп танып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығына айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.