$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ондаған ақтөбелік турфирмаға алданып қалды

AstanaTV
13.01.2026ж. 19:00
Ондаған ақтөбелік турфирмаға алданып қалды

Ондаған ақтөбелік турфирмаға алданып қалды. Жәбірленушілердің айтуынша, туристік компания өкілдері оларды вокзал мен әуежай аумағында тоқтатып, сауалнамаға қатыстырған. Кейін «жүлде ұттыңыз» деген желеумен  презентацияға  шақырыпты. Мерекелік атмосфера мен әдемі уәдеге сенген жұрт Еуропа мен тропикалық аралдарда демаламыз деп жүріп, ақшасынан  айырылған. Жәбірленушілер күмәнді келісімшартқа қол қойып, құны 1 миллион теңгеден асатын турпакет үшін несие рәсімдеген. Алаяқтыққа алданғандар үш жылдан бері кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп келеді. Алайда, олардың айтуынша, нақты нәтиже жоқ.

ҚАЙРАТ НАМЕШЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біз осы мошенниктерді жауапқа тартсын деп жүргенімізге үш жыл болды.Департамент полиции, департамент экономических расследований бір-біріне істерді лақтыра береді, бірақ ешқандай нәтиже жоқ үш жылдың бойында.

БОЛАТБЕК ОРЫНАЛИЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жүретін жерлері аэропортта, если аэропортта жүретін болса нөмерлеріңізді жазып, сол кезде жаңағыдай нөмерлеріңізді бермеуіңізді сұраймын халықтан. Негізінде Содан кейін мына зправкілерде жүреді номерлеріңізді жазып.

Тек Ақтөбенің өзінде 50-ден астам адам жәбірленген. Бүгін алданған тұрғындар облыстық прокуратура ғимаратының алдына жиналды. Дегенмен, прокуратура өкілдері шықпады. Белгілі болғандай, қылмыстық істі қазіргі таңда Алматы қаласының полициясы тергеп жатыр.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазіргі таңда полицияға 5 адамнан ресми шағым түсті. Олардың барлығы қылмыстық іс аясында жәбірленуші болып танылды. Қылмыстық іс жүргізу кодексімен көзделген барлық тергеу амалдары  жүргізілу үстінде. Нәтижесінде қылмыстық  іс бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатын болады.