$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Трамп НАТО-ны іштен ыдыратуды көздеп отыр», - Хорватия Премьер-Министрі

«Трамп НАТО-ны іштен ыдыратуды көздеп отыр», - Хорватия Премьер-Министрі

Трамп Иранмен сауда жасағандарға қарсы салық салды. Енді олар АҚШ-пен сауда жасаған кезде 25 пайызға шығындалады. Ал, Илон Маск енді Америка әскерін жасанды интеллектпен қамтамасыз етеді. Бірақ, Трамп НАТО ұйымының ішінде алауыздық орнатып, альянсты іштен ірітіп отыр, - деп Еуропа елдерінің басшылары үндеу жасады. Шартараптағы соңғы жаңалықтарды Еркелді Тілеуқұл шолып шықты.

Трамп соңғы 3 айда алғаш рет тариф енгізді. Алдыңғы жолы Үндістан 50 пайыз салыққа ұрынса, енді Иранның сауда серіктестеріне 25 пайыздық жаза қолданады. Трамптың айтуынша, Ирандағы бейбіт жандардың өлімін көріп, осындай шешімге барған.

ДОНАЛЬД ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ:

Иран Ислам Республикасымен сауда жасайтын кез келген мемлекет бізге тауар сатқан кезде 25% салық төлейді. Менің бұл бұйрығым міндетті түрде орындалады. Ешқай ел шағымданса да, жалынса да шешімімді өзгертпеймін.

АҚШ әскерінде енді жасанды интеллект соғысады. Илон Масктың Грок нейро-жүйесі Пентагонда қызмет етпек. Миллиардердің өзі ведомствалардың күшін біріктіріп, ғарышты толық бағындырғысы келетінін жеткізді.

ПИТ ХЕГСЕТ, АҚШ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:

Біз бұл жұмысты бірнеше жыл бұрын атқаруымыз тиіс еді. Бірақ, әлі де кеш емес. Грок жасанды интеллект жүйесін әсіресе, жасырын нысандар мен жасырын операцияларда қолданамыз. Жасанды интеллект небәрі бір айда іске қосылады.

Трамп НАТО ішінде іріткі салып отыр. Тіпті, оны іштен бұзбақшы. Хорватия Премьер-министрі ашық ашуын жеткізді. Андрей Пленковичтің айтуынша, АҚШ Президентін Гренландияға мүлдем жолатуға болмайды.

АНДРЕЙ ПЛЕНКОВИЧ, ХОРВАТИЯ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Қалайшы жақын сауда серіктес, НАТО бойынша одақтас және Еуропалық Одақ мүшесіне қарсы агрессия жасауға болады? Трамптың өзі бұндайға барады дегенге осы уақытқа дейін, шынымды айтсам, сенбей келдім. Енді, көзім ашылды. Ол, НАТО-ның ыдырауын қалайды. НАТО-ның мықты болғаны оған керек емес.

Еуропа елдерінің астаналарында Иран халқын қолдап, мыңдаған адам көшеге шықты. Әсіресе, шыққан тегі ирандықтар көп Лондонда көшеге шыққандардың қарасы қалың.