$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Көпқабатты үйде лифт істемей тұр

13.01.2026ж. 19:00
Көпқабатты үйде лифт істемей тұр

Қостанайда көпқабатты үйде жеделсаты жұмыс істемейді. Жүздеген адам бір айдан бері қиналып отырғанын айтып шағымданды. Тұрғындардың айтуынша жол  салған мердігер электр сымына зақым келтірген. Енді оны қалпына келтіргісі жоқ.Амалы таусылған тұрғындар енді сотқа жүгінбек.

Мөлдір Керібаева бұл үйде бес жылдан бері тұрады.Қолында кәрі ата-анасы бар. Лифт істемегелі қарт кісілер далаға шығудан қалды. Алтыншы қабаттан түсіп шығуы қиын.

МӨЛДІР КЕРІБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

12 желтоқсаннан бастап бізде лифт жұмыс істемейді.Өте қиын болды. 6 –шы қабатта тұрамыз. Бір жетіде бір рет ғана түсеміз, моншаға барады. Енді әкемді емханаға апару керек.Сол жағы қиын болып тұр.

Бұл үйдің әу бастан проблемасы көп. Әуелі көгілдір отын өткізілмей көпшілік әуре-сарсаңға түсті, кейін тоғыз қабатты баспананың жылу жүйесінен ақау шықты. Енді міне  жеделсаты  жұмыс істемей тұр.

АЙГҮЛ ӨМІРЗАҚОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Жерглікіті биліктен мәселені шешіп беруді  сұраймыз. Қарт кісілерге өте қиын. Мысалы мен енеммен  тұрамын. Жоғарғы қабаттан түсіп шығу өте қиын.Прокуратураға жүгіндік.Әкімдіккке бардық.Олар тағы бір мемлекеттік мекемеге жол сілтеді. Мәселенің қала шешілетіні  белгісіз болып тұр.

Мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Олег Савченков мердігер компанияны кәналап отыр.Жерасты электржелілеріне зақым келтірген. Желтоқсан айында  бүкіл үй жарықсыз  қалған көрінеді. Сол тұста жеделсатының тоғы да  үзіліп қалған. Оны қалпына келтіру үшін кемінде 1 миллион теңге керек.

ОЛЕГ САВЧЕНКОВ, МИБ ТӨРАҒАСЫ:

Кабельге «Арвис»ЖШС зақым келтірген. Сьянов көшесін жөндеу барысында. Енді олар жөндеуден бас тартып отыр. Қалпына келтіру үшін 1 миллон теңгеден астам ақша керек. Ал бізде ондай ақша жоқ.

Мәселеден қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық  бөлімі хабардар. Бірақ оны қалай шешуді білмейді. Тіпті мердігер әлгі үйдің аумағында жол жөндеу жұмысын да жүргізбеген. 

НҰРДӘУЛЕТ БЕЙСЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:

Сьянов және Гоголь көшесінің аумағында жазда жөндеу жұмыстары, яғни жолды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сол кезде Сьянов көшесінде электр кабеліне зақым келгені анықталды. Мердігер оны жөндеп жатыр. Ал Толстой көшесіндегі  25 үйдің тұсында компания жұмыс жүргізген жоқ.

Тұрғындар прокуратура мен әкімдік табалдырығын әбден тоздырған. Бірақ электржелісінің мәселесі шешілер емес. Ал мердігер мүлдем ат тоңын ала қашуда. Енді сотқа жүгінуден басқа амал жоқ дейді жұрт.