$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Салық – мемлекеттік жүйенің тірегі

Салық – мемлекеттік жүйенің тірегі

Салық – бүкіл мемлекеттік жүйенің тірегі. Әсіресе, Қазақстан секілді әлеуметтік мемлекет үшін бюджет қаржысы аса маңызды. Онсыз халық алдындағы міндеттемелерді толық орындау мүмкін емес. Президент былтыр Көкше өңірінде өткен Ұлттық Құрылтайда салық реформасының мәнін халыққа егжей-тегжейлі түсіндіруді тапсырған. Нәтижесінде жаңа салық кодексі қабылданды. Бір жыл бойы қосымша құн салығына қатысы түрлі сын-пікір сараланды. Депутаттар мен кәсіби мамандар шынайы ахуалға баға берді.  

МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Салықты өсіруге қарсы шығып, халықты шулататын – ірі бизнес өкілдері, олигархтар. Олар соңғы 15 жыл бойы жеңілдіктер алып, әбден салық төлемеуге үйренген. Сондықтан халық атын жамылып, салық кодексін сынайды. Халық ренжиді деп шығады.  Құрылыс компаниялары кезінде салықтан босатсаңдар, үйді арзандатамыз деді. Іс жүзінде сапасыз, қымбат үйлер салды. Арзан баспана көрген жоқпыз. Банктердікі анау – тек халықты қанау. Дәрі-дәрмек арзандады ма? Жоқ, 4 есе қымбат. Міне, бұл реформадан ұтылатын тек ірі компаниялар. Шағын және орта бизнестің өзіне жеңілдіктер қарастырылған.