$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауыл шаруашылық кооперативтері қағаз жүзінде ғана жұмыс істеген

13.01.2026ж. 19:00
Ауыл шаруашылық кооперативтері қағаз жүзінде ғана жұмыс істеген

Елімізде ұзын саны 4 жарым млн. ауыл шаруашылық кооперативтері құрылған. Алайда, олардың басым көпшілігі жұмыс істемейді. Тек құжат жүзінде ғана тіркелген. Әлем бойынша біздің ел кооператив құрудан алдына жан салмаған. Бесінші орында тұр. Бірақ, сол 4 жарым млн. кооператив тым құрығанда 10 пайызда өнім шығара алмапты. Осылай деген Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Нұржан Әшімбетов бұл салаға түбейгелі реформа қажеттігін айтады. Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында шаруалар осы мәселені көтерген. Өңірде қазір 187 кооператив құрылған.

НҰРЖАН ӘШІМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Мен бір ауданда болдым. 13 кооперативтен 1 ғана кооператив жұмыс істейді. Маған фермерлер сұрақ қойды өздері. Неге сіздер жеке меншік басқа несиені 9 млн. бересіздер. Ал кооператив ашылатын болса, 30 млн. қаражат бересіздер. Біз сол көбіректеу ақша алу үшін сол үшін ғана кооператив ашамыз. Егерде сіздер бізге 30 млн. беретін болсаңыздар? Біз кооператив ашпаушы едік.

Нұржан Әшімбетов өңірге сапар аясында бірқатар шаруалармен жүздескен. Кездесуде диқандар сәбізді экспортқа шығара алмай отырғандарын айтты. Өйткені,  өнімді сырт елдерге сатуға шектеу қойылмақ.  Ал диқандар өнімді тез арада сатпаса, шіріп кетуі ықтимал екендігін жеткізген. Қазір Павлодар облысының қоймаларында 65 мың тонна сәбіз бар. Ішкі нарықта өнімге сұраныс болмағандықтан, шаруалар өнімді Ресей, Өзбекстан секілді көрші елдерге экспорттаған.

ЗЕЙНОЛЛА СӘЛМЕНБАЕВ, ДИҚАН:

Біз сәбізді 70-80 теңгеден беріп жатырмыз. Ал магазинге барсаң, сәбіз 170-180 теңге тұрады. Бұлар ортадағы біздің сатып алушы мен жанағы өндірушінің ортасындағы делдалдар тұр ғой. Олармен күресе алмайды да, бізбен күрескенді жақсы көреді. Жауып тастайды болды. Ауылдың жағдайына қарамайды.