$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Экологиялық тәрбие: бүгінгі қадам-ертеңгі нәтиже

AstanaTV
13.01.2026ж. 19:00
Экологиялық тәрбие: бүгінгі қадам-ертеңгі нәтиже

Ақтөбеде жастардың экологиялық санасын қалыптастыруға бағытталған облыстық іс-шара өтті. Оқушылар экология тақырыбында өз ойларын еркін білдіріп, өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Мамандар экологиялық қауіпсіздік туралы баяндады.  Шараға 120 ға жуық оқушы қатысты.  Басқосу «Таза Қазақстан» жалпыұлттық идеясын насихаттауға бағытталған.  Мектепте оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттыруға бағытталған «Эко Про» үйірмесі бар. Оған 200 ден астам оқушы мүше.

ЗЕЙНЕП ӨМІРЗАҚОВА, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ №21 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Оқушылар қалдықтарға екінші өмір сыйла, «Таза Қазақстан» түрлі акциялар ұйымдастыруда. Сол акция аясында мектебіміздің оқушылары ғылыми жоба, олимпиадаларға қатысып, облыс, республика көлемінде жүлдері орындар алып, мектебіміздің мақтанышын арттыруда.