10 қаңтар күні әуеде Uzbekistan Airways пен «Победа» әуе компанияларына тиесілі екі жолаушы ұшағы Шымкент аймақтық диспетчерлік орталығының бақылау аймағында бір-біріне қауіпті қашықтықта ұшқан. Ұшақтар Внуково – Самарқанд, Термез – Мәскеу бағыты бойынша бет алған.
Көлік министрлігінің мәліметінше, аталған жағдай қауіпті авиациялық оқиға ретінде тіркеліп, уәкілетті орган тексеру жүргізеді.