$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Былтыр 162 жаңа мектеп салынды

14.01.2026ж. 11:41
Былтыр 162 жаңа мектеп салынды

2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 236 мыңға жуық оқушы орнына арналған 162 мектептің құрылысы аяқталды, оның ішінде 112 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында іске қосылды.
Бұл білім беру ұйымдары 27 үшауысымды және 11 апатты мектеп мәселесін шешуге, сондай-ақ 160 мың оқушы орнының жетіспеушілігін жоюға мүмкіндік берді.
Бұл мақсатта бюджет қаражаты есебінен және инвестициялар тарта отырып жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.