Қарыз көбейіп, әр соғылған қоңыраудан үрейленгенде, тығырықтан шығу мүмкін емес сияқты болып көрінетіні рас. Қарағанды облысы Шахтинск қаласының тұрғыны, тәрбиеші болып қызмет істейтін Светлана да осындай қиын жағдайға тап болған - қаржылық қиындықтардан уақытша құтылу үшін алған микронесиелері мойнына қарыздың ауыр жүгін артқан. Әр күні коллекторлардың сотқа сүйреп, қысым көрсетуімен өтіп жатты.
«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасына жүгінген сәттен бастап Светлананың өмірінде жаңа кезең басталды. Жоба аясында ол қаржылық сауаттылық курсына қатысып, заңгерлік көмек пен қарыздарын реттеуге арналған нақты қолдауға ие болды. Мамандардың берген жүйелі жәрдемі арқылы оның бойында өз-өзіне деген сенім пайда болып, қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізіп, қарыз құрсауынан шығудың жолын тапты.