$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таиландта жолаушылар пойызына кран құлап, 22 адам мерт болды

14.01.2026ж. 14:06
Таиландта жолаушылар пойызына кран құлап, 22 адам мерт болды
фото: bssnews.net

Бүгін Таиландта жүріп бара жатқан жолаушылар пойызының үстіне кран құлады. Салдарынан 195 жолаушының кем дегенде 22-сі қаза тауып, 80-і жараланған. Оқиға Бангкоктан 230 шақырым жерде болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, теміржол көлігі рельстен тайып, үш вагонға қатты зақым келген.Тергеу амалдары жүріп жатыр.