$541.34 €640.73 ₽6.53
×

СҚО-да Түменнен Бішкекке бара жатқан автобус сынып, жолда қалған 18 адам құтқарылды

14.01.2026ж. 16:18
СҚО-да Түменнен Бішкекке бара жатқан автобус сынып, жолда қалған 18 адам құтқарылды
фото: pixabay

Автобустың салонындағы автономды жылыту құрылғысы істен шыққан. Аймақта аяз күшейіп, бүгін ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеді. Құтқарушылар жолаушыларды Мамлютка қаласындағы эвакуациялық пунктке, ал автобусты жөндеу бекетіне жеткізді. Жолаушылардың барлығы - Өзбекстан азаматтары.

Синоптиктердің болжамынша, өңірде алдағы күндері де қатты аяз сақталып, дауылды ескерту жарияланған.