$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда медицина қызметкерін ұрған тұрғын қамауға алынды

14.01.2026ж. 19:00
Оралда медицина қызметкерін ұрған тұрғын қамауға алынды

Оралда аурухана қызметкерін соққыға жыққан тұрғын қамауға алынды. Полиция мәліметінше, оқыс оқиға қалалық көпбейінді ауруханада болған. Саулығы сыр беріп, ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізілген науқас медициналық қызметкерге тиісіпті. Жеке мәліметтерін сұраған медбикеге қарсылық білдіріп, дөрекі сөйлеген. Сол кезде әріптесіне ара түсіп, өзіне ескерту жасаған мейіргердің жағасына жармасып, тіпті ұрып жіберіпті. Суыт хабар ізімен ауруханаға жеткен полиция азаматты ұстап, бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

ДИАС ЖАЙЛАУБАЙҰЛЫ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Науқас біздің медициналық қызметкерлеріне әдепсіздік танытып, дөрекі сөз сөйлеп, біздің медициналық қызметкерлеріне қол көтерген болатын. Кейіннен науқасты хирург дәрігерлер қарап, барлық зерттеулерді жүргізіп, бірінші ем көрсетіп, амбулаториялық емге жіберілген болатын. Кейін медициналық қызметкерлер өтініш жазып, полиция департаментіне жүгінді.