Солтүстік Қазақстан облысында Өзбекстан азаматтары бар автобус жолда қалып, шетелдіктерді жылы жерге эвакуациялауға тура келді.
— Қатты аяз күндері үйден ұзап шықпауларыңызды сұраймыз. Әсіресе балалар мен қарттарды назардан тыс қалдырмаған жөн. Ал, ұзақ жолға шығуға тура келген жағдайда қауіпсіздікті естен шығармаған жөн. Көліктің техникалық жағдайын тексеріп, өздеріңізбен бірге жылы киім алып, телефонның толық қуатталғанына назар аударыңыз. Қайда бара жатқаныңыз жөнінде туғандарыңызды ескертіңіз, — дейді СҚО ТЖД басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дамир Бәшенов.