Астанада арнайы жасақ қызметкерін атып кетті. Алдын ала дерек бойынша, қала тұрғыны аңшылық қарумен көшеде кетіп бара жатқан автокөліктің жүргізушісіне оқ жаудырып, қашып кеткен. Ауыр жарақат алған азамат өзі 102-ге қоңырау шалған көрінеді. Ал ұсталған күдікті 21 жастағы астаналық болып шықты.
ЗУХРА РЫСҚАЛИЕВА, АСТАНА ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел келген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Мылтық тәркіленді. Жәбірленуші құқық қорғау органдарының қызметкері болып табылады және оқиға кезінде еңбек демалысында болған.