Астанада МӘМС-тен түскен 682 миллион теңгені жеке клиника басшылары қолды қылған. Олар жымқырылған қаржыға Испаниядан үй рәсімдепті. Бұл туралы каржы мониторинг агенттігі хабарлады. Құзырлылардың мәліметінше, күдіктілер қор мен клиникалар арасында келісім шарт жасасқаннан бастап, алаяқтық схемасын құрған. Салдарынан жалған диагноздар мен көрсетілмеген қызметтер тіркелген. Мұндай жағдай күн сайын 90-нан 150 адамға дейін жеткен.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оның мүлкіне: Испаниядағы қала сыртындағы үй, Астана қаласындағы пәтер, сондай-ақ автокөлікке тыйым салынды. Тергеп-тексеру жалғасып жатыр.