Жамбыл облысындағы Тоғызкент ауылының тұрғындары "су емес у ішіп отырмыз" деп шу шығарды. Жергілікті билік 380 млн теңгеге жуық қаржыға жүргізіп берген таза ауыз суы жарамсыз дейді жұрт. Ашынған жұрттың жанайқайын аймақтағы тілшіміз тыңдады.
Сарысу ауданы Тоғызкент ауылына 2023 жылы ауыз су тартыла бастаған. 2024 жылдың соңында аяқталған жұмысты жергілікті билік қабылдап алған. Жоба құны 377 млн теңге. Тартылған таза ауыз судың қызығын тұрғындар 4-5 ай ғана көріпті. Қомақты қаржы жұмсалған су иістеніп жарамсыз күйге түскен. Әкімдіктің жарамды деп берген судың дәмінен күдіктенген тұрғындар ауыл болып ақша жинап, судан сынама алып Таразға барып тексерткен. Қорытындысын көріп, жағасын ұстаған.
МЕШІТБЕК ЖОЛДАСОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Су емес бұл У, былайша айтқанда у ішіп отырмыз. Тұзғой малда ішпейді бұны. Енді босқа далада қалды мемлекеттің пәленбай млн ақшасын желге ұшырды. Қазір енді анау қазып берді Әбілда деген ауыл бар мына жерде, ескі труба 20 жыл бұрынғы трубамен айдап жатыр іші накип мусыр ішінің бәрі. Соны сүзіп ішіп отырмыз.
НҰРЛАН ИСМАЙЛОВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Қазбай тұрып біз айтқанбыз бұл суың жарамайды деп ескерткенбіз бәріне. Шілденің ыстық күнінде шөлдеп келген мал, бұрылып кетіп қалады. Бұл жерге мембрана қоямыз дейді. Ол мембрананы қояды бір айға жетпейді, бір аға жетпей не қылады ол енді мемлекет ақшасы біреуі 7-8 млн дейді. Сонда жылына 10-15 фильтр қойып береді ма сонда. Қойып бере алмайдығой. Сонымен босқа тұр, қалды мінекей.
Қазір мыңнан астам тұрғыны бар Тоғызкент ауылының тұрғындары қасындағы Әбілда ауылындағы ескі құбырдан су ішуде. Шалғайдағы ауыл жұрты қайда шағымданарын білмей шарасыз күйде отыр. Сарысу ауданында сары суды сүзіп ішкенше бұл ауданнан бас тартып, шекаралас жатқан басқа ауданға қосуын талап етіп отыр. Әйтпесе қараусы қалдық деп қанжылады.
БЕКБОЛСЫН ЖАМБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:
Округ кезінде Талас ауданынан қосылғанбыз. Мынау «Үшарал» деген совхоздан бөлініп шыққанбыз. Біздің Сарысу ауданының әкімі бізді қарамайды. Спорт мектебі жоқ, суды ішіп жатқанымыз мынау. Өздері қалталарын ойлайды халықты ойлап жатқан ешкім жоқ. Сондықтан біз Талас ауданына бөлінеміз. Бізге Сарысуда пайда жоқ.
Жергілікті билік 377 млн теңге ауға кеткен жоқ дейді. 270 млн теңгеден аса қаржыға ауыл ішіне құбыр тартылғанын айтады. Қалған қаржыға фильтр, насос секілді құралы жабдық алынып, су ғимаратының құлысына жұмсалыпты.
ДӘУРЕНБЕК ШАЛБАЕВ, САРЫСУ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Шынында бұл жердің жер асты суы тұзы өте көп, хлоридный дейді. Біз енді оны жоққа шығарып отырған жоқпыз, да ішінде жүрген сайы жар асты құмы сумен лесіп шығады. Құммен де бітеліп жатқаны бар шығар. Бұл кісілердің сары деп жатқаны сол сары құмдар шағар. Ауыл тұрғындары бұл жердің суынан үзілді-кесілді бас тартып отырғаннан кейін біз Әбілдаға каз екі ортаға жоба әзірлер, сараптама шаққаннан кейін, ақша қойсақ пластик трубадан салып береміз, біреуі рабочи жанына тағы резервый салып береміз.
100 млн теңге жұмсалған скважена мен су имараты қазір қолданыста емес қаңырап бос тұр. Жоғарғы аудиторлық тексеріс мемлекет қаржысының жосықсыз жұмсалғанын анықтапты. Аудан әкімдігі біз жобаға сай жұмыс істедік деп ақталды.
ДӘУРЕНБЕК ШАЛБАЕВ, САРЫСУ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бұл жер консерватцияда тұрады енді. Сақтап осылай жауып, бәрін құлыптап немен тұрады. «Қолданбайды ма?» Қолданылмайды. Өткенде бұны жоғарғы аудиторлық палата тексеріп кетті. Бұл жерда бастысы хищение жоқ бұл жерде не ефективный исползование деп беріп кетті олар. Енді біз жобаға сәйкес жасадық.
Ауқымды ақша жұмсалған ауыз суды ауыл тұрғындара тұтынудан бас тартқандықтан, аудандық бюджеттен қайта қаржы қарастарып көрші ауылдың тәтті суын жаңа құбырмен тартып береміз деп отыр. Енді бұл жұмыстың қашан басталатыны беймәлім дейді бұқара.