Қазір әлеуметтік желіде өз өмірін ашық айту қалыпты жағдайға айналды. Әсіресе отбасылық драма көптің қызығушылығын тудырады. Бірақ жеке өмірді жария ету дұрыс па? Тілші Айғаным Тұрысбектің бейнематериалы.
АЙҒАНЫМ ТҰРЫСБЕК, ТІЛШІ:
- Күйеуімнің алдағанын білдім.
-Жақсы, сұқбат бергеніңізге көп рақмет!
Қазір не көп, подкаст көп. Кез келген адам сұқбат жазып, өзгенің өмірі мен отбасылық құпиясын жарияға жар салып жүр. Әлеуметтік желіде отбасылық өміріңді айтып мұң шағу сәнге айналды. Қоғам да бұл тақырыпқа құмар. Ал оның салдары қандай, бұл қаншалықты заңды?
Жеке өмір контентке айналды.Отбасылық драма эмоция тудырады, ал эмоция - қаралым мен реакция. Пікір -саналуан.
БЛИЦ:
- Ел үшін бақытсыз өмір сүруге міндетті емес. Өз өмірі - өз тағдыры.
- Өтірік сөйлейді. Ұнамай қалды, семіздікті қой ғана көтереді деп бекер айтпаған.
- Жеке өмірі қызық емес, өйткені шынымен өзімдікі жетісіп тұрған жоқ.
- Жаным қарнымның ашқанына емес, қадірімнің қашқаны үшін деп жылап отыр ғой.
- Ешкімнің басына бермесін. 14 жыл жасырып, жауып жүрген өте ақылды әйел екенсің
Алайда заңгерлер жеке өмірді жариялауда тек сезімге емес, оның құқықтық және моральдық салдарына да мән беру қажет екенін айтады. Себебі әлеуметтік желідегі ашықтықтың да заңмен белгіленген шегі бар.
НҰРЛАН ЖАҢАБАЕВ, ЗАҢГЕР:
Күйеуі немесе әйелі желіде бір ақпарат таратады. Сол ақпараттар немесе жеке өмірі немесе дербес ақпараттар шығып жатқанда екінші жақ айтаса "менің құқығыма кедергі болды, қайшы келді" деп. Тиісті арыз жазуға құқығы бар. Немесе әкімшілік жауапкершілік және ҚР қылмыстық кодексінде 147 бапта көрсетілген дербес ақпаратты таратуға байланысты солай көрсетілген.
Мамандар сұхбат беруші ғана емес, желіде пікір жазатын қолданушылар да жауапкершілікті ұмытпауы тиіс дейді. Әр адам пікір білдіре алады, алайда өзгеге тіл тигізіп, қара күйе жағуға немесе жеке өміріне қатысты айып тағуға заң жүзінде құқығы жоқ. Ал отбасылық жағдайды өз өмірімен байланыстырып, жағымсыз ой қалыптастыру психологиялық тұрғыда да қауіпті.
ЕРЖАН МЫРЗАБАЙ, ПСИХОЛОГ:
Жеке мәліметтерді айтқан кезде немесе бір-бірін кіналаған кезде көбісі балаларын ойламайды. Яғни бір ер кісі не әйел кісі өте жақсы күйеу бола алмауы мүмкін бірақ өте жақсы әке бола алуы мүмкін. Ал қоғам өз алдына бұдан жаман үрдіс алып жатыр. Ананың күйеуі андай болса менікі де сондай болуы мүмкін деп қазірдің өзінде реніш, өкпе, ашу ыза пайда болып жатыр.
Әлеуметтік желі - ашық алаң. Алайда жеке өмірге қатысты ақпаратты жариялау жауапкершілік пен құқықтық шекараны талап етеді. Мамандардың айтуынша, қаралым үшін айтылған әр сөз ертең құқықтық дау мен психологиялық зардапқа әкелуі мүмкін. Сондықтан жеке өмірді жария етпес бұрын, оның салдарын ескеру - әр қолданушының міндеті.