2025 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй ауданы 20,1 млн шаршы метрге жетті, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,1% өсті.
Салынған үйдің көбеюі елдің барлық өңірінде тіркелді.
Сонымен қатар есепті кезеңде көп пәтерлі үйлердің ауданы 13,5 млн шаршы метр құрап, 10% өсті; жер үйлердің ауданы – 6,4 млн шаршы метр болып, 3,4% төмендеді.
Айта кетсек, 2025 жылы Қазақстанда орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 8,1 трлн теңге болып, 14,7% өсті.
Былтыр оңтүстікте үй құрылысы қарқынды болып, кей өңірлерде керісінше құлдырап кетті.