$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Маңғыстауда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

16.01.2026ж. 12:24
Маңғыстауда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды
Фото: istockphoto.com

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтау – Бейнеу автожолында болған апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат таратты.

Жол апатынан зардап шеккен 42 адам Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

«4 адам — жансақтауда, 13-і — травматология бөлімінде жатыр, қалғандары амбулаторлық емге жіберілді», - делінген хабарламада.

Барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жағдай тұрақты бақылауда, деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасы.