$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Шымкентте дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген науқасты аман алып қалды

16.01.2026ж. 13:38
Шымкентте дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген науқасты аман алып қалды
Фото: pixabay.com

Дәрігерлер ішегі бірнеше жерден тесілген 38 жастағы азаматты аман алып қалды.

Науқас ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген. Тексеру кезінде ас ішегінде бірнеше тесік пайда болып, іш қуысына инфекция тарағаны анықталған.

Ұзындығы шамамен 3 сантиметр болатын өткір сүйек ішекті тесіп, перфорация мен перитонитке себеп болған. Дәрігерлер шұғыл ота жасап, сүйекті алып, зақымданған ішек бөліктерін қалпына келтірді.

Қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді.