Басқарманың мәліметінше, стадион өткен жылы қазан айында лицензияға қол жеткізген. Ал оны ресми түрде табыстау алдағы көктемге жоспарланған.
– Қызылорда қаласындағы «Kaysar Arena» стадионы 4 қазанда Қазақстан rубогының финалдық ойынымен ресми түрде ашылды. Стадион Қазақстан футбол федерациясы тарапынан лицензияланып, UEFA Time бағдарламасына 4-санаттағы стадион ретінде енгізілді. Сәйкесінше UEFA инспекциясын өткізу сәуір-мамыр айларына жоспарланған. Аталған ұйым мәліметіне сәйкес, стадион 4-ші санатты талапқа толықтай сәйкес келеді. Стадионның ойын алаңы FIFA тестілеуінен өтіп, ең жоғары деңгей — FIFA QUALITY PRO сертификатын иеленді, - делінген хабарламада.
Басқарманың мәліметінше, бұл стадионға ауқымды матчтар мен халықаралық жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік береді. Жаңа стадион сондай-ақ UEFA-ның ресми сайтына енгізілген.