$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендеді

16.01.2026ж. 17:16
Ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендеді
Фото: pixabay.com

ШҚО-да ауа температурасы -53 градусқа дейін төмендеді.

Алтай ауданы Парыгино ауылында аяздың күші рекордтық көрсеткішке жетті. Соңғы үш тәулікте осы маңдағы елді мекендерде түнде термометр бағаны -51-53 градусты көрсетті. Өңірлік «Қазгидромет» алдағы тәуліктерде аяз күшеюі мүмкін екенін хабарлады.

Парыгино ауылы аудан орталығынан 30 шақырым жерде орналасқан. Округте 905 адам болса, оның 833-і елді мекеннің өзінде тұрады. Әлеуметтік мекемелер қалыпты жұмыс істеп тұр.